The news is by your side.

Үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтер

Электрондық үкімет порталында авторластыру түрлері

  

 

Бүгінгі күні  egov.kz порталында авторластырудың 4 түрі жұмыс істейді:

  1. порталда бастапқы тіркеу кезінде көрсетілген логин/жасырын сөз;
  2. ЭЦҚ;
  3. сим-картадағы ЭЦҚ (сим-картаға жазу үшін ұялы байланыс операторларының қызмет көрсету орталықтарына бару қажет);
  4. біржолғы жасырын сөз;
  5. QR-коды.

ЭЦҚ және біржолғы  жасырын сөзбен авторластыру түрлері неғұрлым ыңғайлы болып табылады. ЭЦҚ 1 жылға беріледі, сондай-ақ қолда бар кілттердің уақыты өткенге дейін pki.gov.kz порталы арқылы ұзартуға мүмкіндік бар.

Біржолғы жасырын сөз қызметін пайдалану үшін мобильді телефон нөмерін мобильді азаматтардың базасында тіркеу қажет.

 

Электрондық үкімет egov.kz (бұдан әрі — Портал) – бұл мемлекеттің және азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық технологиялары арқылы келісуін қамтамасыз ететін өзара қарым-қатынастың бірыңғай тетігі. Портал қызмет алушыларға үйде, жұмыс орнында, интернет қолжетімді жерлерде онлайн-режимде автоматтандырылған мемлекеттік қызметтердің 400-ден астам түрін алуға мүмкіндік береді.

Порталдың сұранысқа ие қызметтері электрондық анықтамалар болып табылады. Олар:

  • мекенжай анықтамасы;
  • сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру;
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
  • жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама;
  • зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу.

Комментарии закрыты.