Государственный информационный заказ

Жамбыл облысы әкімдігі қаулы

Жамбыл облысы әкімдігі қаулы

Жамбыл облысы әкімдігі қаулы

24 қаңтар 2024 жыл                   № 3                                      Тараз қаласы   Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабы 1-тармағының 10-4) тармақшасына, 84-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61, 63, 65 және 69-баптарына сәйкес Жамбыл облысының  әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні: 2024 жылдың 20 маусымы.
  3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иелерінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың жүгінетін орындары:
Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, № 278 үйде орналасқан «Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимараты.
  1. Қордай ауданының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны Жамбыл облысы әкімдігінің және Басқарманың интернет-ресурстарын қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  Жамбыл облысының әкімі                                          Е. Қарашөкеев

Жамбыл   облысы   әкімдігінің

2024 жылғы  24  қаңтардағы

№ 3

    қаулысына қосымша

 

Жамбыл облысы аумағындағы мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің экспликациясы

Меншік иелері мен жер пайдаланушыларының атаулары Орналасқан жері Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі Жалпы көлемі, гектар оның ішінде Мәжбүрлеп иеліктен шығару мақсаты және негізі
жайылым, гектар егістік, гектар бөгде жер, гектар, шабындық, гектар
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1. «Қаракемер» қоғамдық қайырымдылық қоры Қордай ауданы 06-090-068-847 3,4662 3,4662   Қазақстан Республикасы Жер кодексінің            84-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы негізінде  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  Қырғызстан шекарасына кіреберіс (Қарасу) автожолының 17,7 шақырымында орналасқан «Қарасу» бақылау-өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту.
2. Алланазар Гульзада  Алланазарқызы, Кенжекулов Мухит Курбанбаевич Қордай ауданы 06-090-068-848 0,2870 0,2870
3. «KAZAKH TRANCE LOGISTIC»  жауапкершілігі жектеулі серіктестігі Қордай ауданы 06-090-068-017 0,2100 0,2100
4. «RetroRetail PFS»  жауапкершілігі жектеулі серіктестігі Қордай ауданы 06-090-068-027 0,2100 0,2100
5. «Сапар-Қордай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қордай ауданы 06-090-068-039 0,2500 0,2500
6. Хан Валерий Леонидович Қордай ауданы 06-090-068-043 0,3000 0,3000
7. Увалиева Индира Курмангалиевна Қордай ауданы 06-090-070-745 0,4099 0,4099
Барлығы 5,1331 0,4099 4,7232