Жамбыл облысы әкімдігі қаулы
24 қаңтар 2024 жыл № 3 Тараз қаласы Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабы 1-тармағының 10-4) тармақшасына, 84-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61, 63, 65 және 69-баптарына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:- Осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні: 2024 жылдың 20 маусымы.
- Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иелерінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың жүгінетін орындары:
- Қордай ауданының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны Жамбыл облысы әкімдігінің және Басқарманың интернет-ресурстарын қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Жамбыл облысы әкімдігінің
2024 жылғы 24 қаңтардағы
№ 3
қаулысына қосымша
Жамбыл облысы аумағындағы мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің экспликациясы
№ | Меншік иелері мен жер пайдаланушыларының атаулары | Орналасқан жері | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Жалпы көлемі, гектар | оның ішінде | Мәжбүрлеп иеліктен шығару мақсаты және негізі | ||||
жайылым, гектар | егістік, гектар | бөгде жер, гектар, | шабындық, гектар | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |
1. | «Қаракемер» қоғамдық қайырымдылық қоры | Қордай ауданы | 06-090-068-847 | 3,4662 | 3,4662 | Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы негізінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қырғызстан шекарасына кіреберіс (Қарасу) автожолының 17,7 шақырымында орналасқан «Қарасу» бақылау-өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту. | ||||
2. | Алланазар Гульзада Алланазарқызы, Кенжекулов Мухит Курбанбаевич | Қордай ауданы | 06-090-068-848 | 0,2870 | 0,2870 | |||||
3. | «KAZAKH TRANCE LOGISTIC» жауапкершілігі жектеулі серіктестігі | Қордай ауданы | 06-090-068-017 | 0,2100 | 0,2100 | |||||
4. | «RetroRetail PFS» жауапкершілігі жектеулі серіктестігі | Қордай ауданы | 06-090-068-027 | 0,2100 | 0,2100 | |||||
5. | «Сапар-Қордай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Қордай ауданы | 06-090-068-039 | 0,2500 | 0,2500 | |||||
6. | Хан Валерий Леонидович | Қордай ауданы | 06-090-068-043 | 0,3000 | 0,3000 | |||||
7. | Увалиева Индира Курмангалиевна | Қордай ауданы | 06-090-070-745 | 0,4099 | 0,4099 | |||||
Барлығы | 5,1331 | 0,4099 | 4,7232 | |||||||